КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРДЫҢ СЫРТҚЫ ЖАРНАМАСЫ МЕН САНИТАРЛЫҚ ТӘРТІП БОЙЫНША РЕЙД ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін қала аумағында кәсіпкерлік нысандардың сыртқы жарнама талаптарын сақтау және ішкі санитарлық жағдайын бақылау мақсатында рейдтік іс-шара өтті.
Іс-шара барысында жауапты мамандар Б.Сатарханов даңғылы мен Жаңа қала аумағындағы 9 және 11 көшелер бойында орналасқан нысандарды тексерді.
Тексеру кезінде маңдайша жазулардың, жарнамалық құралдардың заң талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ аумақтың тазалық нормаларының сақталуы назарға алынды.
Нәтижесінде бірқатар кәсіпкерлік нысандарда белгіленген талаптардың толық сақталмағаны анықталды. Аталған нысан иелеріне қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, кемшіліктерді жою бойынша тиісті ұсынымдар берілді.
Бақылау шаралары қала аумағында тәртіп пен бірыңғай сәулеттік келбетті қалыптастыру мақсатында тұрақты түрде жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1214431?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді