ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ: ЕРЛІК ПЕН БІРЛІКТІҢ МЕРЕКЕСІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

▫️Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаментіне қарасты Төлеби ауданының шекара басқармасында «7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне» орай мерекелік іс-шара өтті.

▫️Іс-шараға аудандағы ардагерлер мен мектептердің жоғары сынып оқушылары қатысты.

▫️Мереке қарсаңында аудан әкімінің орынбасары Е. Күзенбаев қатысушыларды құттықтап, шекара басқармасының үздік әскери қызметкерлеріне, сондай-ақ аудандық құқық қорғау саласының қызметкерлеріне аудан әкімінің алғыс хаттарын табыстады.

▫️Іс-шара барысында концерттік бағдарлама ұсынылып, патриоттық тақырыптағы әндер мен билер орындалды. Сонымен қатар, ардагерлерге сарбаз ботқасы ұсынылды.

▫️Сондай-ақ, «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесін нығайту мақсатында басқармада экскурсия ұйымдастырылып, мектеп оқушыларына әскери киім-кешек, қару-жарақ және арнайы техника таныстырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbekshilder/press/news/details/1214701?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді