Пластик кәдеге жарап, инвестор қорғалды: Қостанай облысының прокуратурасы 320 млн теңгелік жобаның тоқтап қалуын болдырмады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қостанай облысының прокуратурасы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен өңірде химия өнеркәсібі саласында құны 320 млн теңге болатын инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатқан кәсіпкердің құқықтарын қалпына келтірді.

Өндірістік жоба қайта өңделген пластиктен заманауи құрылыс материалдарын шығаруға бағытталған. Кәсіпорын жол жабыны мен топырақты нығайтуға арналған жоғары берік маталар, гидрооқшаулағыш пленкалар, арматуралық торлар мен торкөздер, құбырлар, сондай-ақ тоқылмаған материалдар өндіруді жоспарлап отыр.

Жобаның ерекше маңыздылығы оның экологиялық құрамдас бөлігінде — өндіріс пластик қалдықтарын толық қайта өңдеуге және оларды кейін қайта пайдалануға негізделген. Бұл тұрақты даму және «жасыл» экономика қағидаттарына толық сәйкес келеді.

Бизнесті қорғауды заңнамалық деңгейде күшейту аясында «прокурорлық сүзгі» тетігі қолданылады, ол инвесторлардың қызметіне қатысты кез келген шешімдерді прокурормен міндетті түрде келісуді көздейді.

Әңгіме тексерулер, әкімшілік ықпал ету шаралары, сот талап-арыздары және өзге де шектеу сипатындағы әрекеттер туралы болып отыр. Бұл кепілдіктер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде бекітілген.

Соған қарамастан, жергілікті атқарушы орган инвесторға шартты біржақты тәртіппен бұзу туралы хабарлама жолдаған, бұл өндірістің тоқтауына және салынған қаражаттың жоғалуына қауіп төндірген.

Прокуратура араласқаннан кейін әкімдіктің заңсыз шешімі жойылды.

Инвестордың құқықтары толығымен қалпына келтіріліп, бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратура инвесторларды қорғау және қолайлы инвестициялық ахуал құру қадағалау қызметінің басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті.

Қостанай облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларды +7 (701) 855-87-06 телефондары немесе 115 Call-орталығына хабарласуға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzpi/press/news/details/1214641?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді