
Қалалық мәслихаттың аппараттық кеңесінде сәуір айының жұмыс қорытындылары шығарылды.
Есепті кезеңде мәслихаттың әлеуметтік мәселелер, сондай-ақ өндірістік мәселелер және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиялардың отырыстары өткізіліп, әлеуметтік сала, қалалық инфрақұрылымның жай-күйі мен абаттандыру мәселелері қаралды.
Мәслихат аппаратының басшылығы мен мемлекеттік қызметшілерінің оқыту іс-шараларына қатысуы қамтамасыз етілді, оның ішінде жергілікті басқару мәселелері бойынша өңірлік семинар-кеңес, азаматтық қорғау саласындағы оқыту, сондай-ақ бюджеттік заңнама бойынша семинар.
Сонымен қатар депутаттық корпус «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысып, мәслихат төрағасының №33 орта мектеп пен №4 емхана базасында халықпен көшпелі кездесулері өткізілді, онда тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелер көтерілді.
Кеңес қорытындысы бойынша мамыр айына арналған жұмыстың негізгі бағыттары айқындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/1214351?lang=kk

Жауап қалдыру