Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясы: 15 жыл қаржылық тәртіпті күзетуде (2011-2026жж)

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясы: 15 жыл қаржылық тәртіпті күзетуде (2011-2026жж)

2026 жылғы 2 мамырда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тексеру комиссиялары сыртқы мемлекеттік аудиттің тәуелсіз органдары ретінде қалыптасқан сәтіне тура 15 жыл толды. Бұл күн тексеру моделінен тиімділік аудитінің моделіне көшу арқылы қаржылық бақылау жүйесін жетілдірудің маңызды кезеңін белгіледі.

Тарихи контекст.

Қаржылық бақылаудың жаңа тарихының негізгі нүктесі «Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы Жарлығы болды. Дәл сол кезде тексеру комиссиялары дербес мемлекеттік органдар мәртебесіне ие болды. Бұл шешім Тәуелсіздіктің негізіне айналды: жергілікті бюджеттерді бақылау  формальдылықты тоқтатты және биліктің қоғам алдында есеп беруінің тиімді құралына айналды.

Тексеру комиссиясы – жергілікті жерлердегі қаржылық тәртіптің іргетасы. Бүгінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тексеру комиссиялары оқшауланған құрылым емес, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының бірыңғай жүйесінің негізгі элементтері болып табылады.

Бұл жүйеде Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы маңызды үйлестіруші рөл атқарады.

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен өзара іс-қимылдың түйінді  тетіктері

  • Әдістемелік басшылық: еліміздің барлық өңірлерінде қызметті біріздендіруді қамтамасыз ететін қолдану үшін міндетті бірыңғай рәсімдік стандарттар;
  • Үйлестіру кеңесі: Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы жанынан Үйлестіру кеңесі жұмыс істейді, оның құрамына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тексеру комиссияларының төрағалары кіреді;
  • Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін келісу: тексеру комиссиялары бюджеттік бағдарламалардың қайталануын болдырмау мақсатында тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің Тізбесін Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен келіседі;
  • Есеп беру және мониторинг: тоқсан сайын Тексеру комиссияларының өз жұмысының нәтижелері туралы ақпарат Жолдауы;
  • Кадрлық өзара әрекеттестік: мемлекеттік аудиторларға оқыту және сертификаттау, тағылымдамалар.

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының үйлестіруші рөлі аудиторлық қызметті ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін, стандарттарды үйлестіруді және үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуді қамтамасыз етеді.

Аудиторлық қызмет

15 жыл ішінде Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының жұмысындағы тәсілдер өзгерді: егер бұрын негізгі мақсат «постфактум» бұзушылықтарын анықтау болса, бүгінде назар ескерту мен тиімділікке, инвестицияланған бюджет қаражаты біздің облыс азаматтарының өмір сүру сапасына қаншалықты әсер еткеніне-мектептер уақытында салынып жатыр ма, жолдар стандарттарға сәйкес келе ме, және Мемлекеттік бағдарламалар қалай жұмыс істейтініне аударылып отыр. Қазіргі заманғы аудитор бүгінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтатын және процесті ашық ететін деректермен және ақпараттық жүйелермен жұмыс істейді.

Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясы 15 жыл жұмысының қорытындысы бойынша 2 064,5 млрд.теңге сомасында қаражатты қамти отырып, 2 208 аудит объектісінде 294 аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізді.

307,6 млрд. теңгеге (14,9%) бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

– қаржылық бұзушылықтар – 226,1 млрд. теңгені (73,5%)құрады;

– бюджет қаражаты мен активтерін тиімсіз жоспарлау және пайдалану-81,5 млрд.теңге (26,5%).

Қабылданған шаралармен бюджетке 198,2 млрд.теңге қайтарылды, олар өтелуге және мерзімдерімен қалпына келтіруге жатады.

Мемлекеттік органдар мен аудит объектілеріне 2 199 тапсырма және 446 ұсыным жолданды, оның ішінде бүгінгі күні 2 071 тапсырма – 94,2% және 438 ұсыным – 98,2% орындалды.

Өкілді органдарға лауазымды тұлғалардың нормативтік құқықтық актілерді сақтамауының анықталған фактілері бойынша 344 ұсыныс енгізілді.

Тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке 2,5 мың адам тартылды.

Сараптамалық-талдамалық қызмет

Аудиторлық қызметтен басқа, Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы жергілікті бюджеттердің ағымдағы және кейінгі бағалауын жүзеге асырады.

Болашаққа көзқарас

15 жылдық мерейтой – бұл жұмысты қорытындылау ғана емес, сонымен қатар жаңа кезеңнің басталуы. Қазақстанның қазіргі экономикалық саясаты жағдайында тексеру комиссияларының рөлі арта түседі. Әрбір жұмсалған тиын үшін жауапкершілікті күшейту және қоғам алдындағы ашықтық қызметтегі басты басымдықтар болып қала береді. Осы жылдар ішінде Тексеру комиссиялары өңірлерде мемлекеттік ресурстарды тиімді басқару тәуелсіз, адал және жоғары кәсіби аудитсіз мүмін еместігін дәлелдеді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/krgrevcom/press/news/details/1214317?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді