Қарғалы ауданында инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандар жаңаруда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарғалы ауданында инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандар жаңаруда

📊 Қарғалы ауданында әлеуметтік нысандардан бастап жол және су шаруашылығына дейінгі бірқатар маңызды жобалар қатар іске асырылып жатыр. Бұл туралы аудан әкімі Нұрлыбек Өнербаев мәлімдеді.

🔹 Президент тапсырмалары аясында және облыс әкімдігінің қадағалауымен аймақта биыл әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды бастамалар қолға алынған.

🏥 Атап айтқанда, Бадамша ауылында қолданыстағы емханаға қосымша ғимарат салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың маусымында басталған. Жоба медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

⚙️ Сондай-ақ Әлімбет ауылында модульдік оқу-жаттығу базасының құрылысы жалғасуда. Жаңа нысан жастардың дене дайындығын шыңдауға және әскери-патриоттық тәрбиені дамытуға бағытталған.

📌 Ішкі туризмді дамыту мақсатында Қарғалы су қоймасына апаратын жол салынуда. Жоба биыл аяқталады деп жоспарланған.

🛣️ Бұдан бөлек, Бадамша ауылында бірнеше көшеде жол құрылысы жүргізілуде. Ж.Аймауытов, Ғ.Мүсірепов және Жеңіс көшелеріндегі негізгі жұмыстар өткен жылы аяқталған, қазіргі таңда асфальт төсеу кезеңі жүріп жатыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kargala/press/news/details/1214258?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді