Қауіпсіздік пен спорт үндестігі: полиция марафон ұйымдастырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Бәйдібек ауданында қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында аудандық полиция бөлімі және облыстық спорт басқармасының бастамасымен “Боралдай марафон – 2026” бұқаралық спорттық іс-шарасы ұйымдастырылды. Шараны өткізуге №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі қолдау көрсетті.
 
Ауқымды марафон “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында, “Терроризмге және нашақорлыққа қарсы” ұрандарымен, сондай-ақ “Таза Қазақстан” республикалық акциясы шеңберінде өткізілді. Іс-шараға аудан тұрғындары белсенді қатысып, жалпы саны 250-ге жуық адам жиналды.
 
Полиция қызметкерлері тек қауіпсіздікті қамтамасыз етумен шектелмей, өздері де жарысқа қатысып, тұрғындарға үлгі көрсетті. Атап айтқанда, аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғалымжан Құрбаналиевтің бастауымен 30-дан астам жеке құрам қызметкері марафонға қатысып, салауатты өмір салтын насихаттады.
 
Жарыс 14–18 жас және 18–70 жас аралығындағы қатысушылар арасында өткізіліп, 5 шақырым қашықтық бойынша үздіктер анықталды.Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге полиция тарапынан арнайы сыйлықтар мен Алғыс хаттар, кубоктар табысталды. Аталған іс-шара – полицияның қоғаммен тығыз байланыс орнатып, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жүйелі жұмысының бір көрінісі.
 
Сонымен қатар мұндай бастамалар жастарды спортқа баулып, зиянды әдеттердің алдын алуға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға оң әсер етеді. Сонымен қатар шараға қатысқан осы ауылдың тумасы, танымал жайдарманшы әрі актер Мақсат Мамраимов ұйымдастыру деңгейіне жоғары баға беріп, мұндай бастамалардың маңыздылығын атап өтті.
 
– Бүгінгі шараға еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін қатысып отыр. Мұның өзі тұрғындардың зиянды әдеттерге, теріс қылықтарға қарсы екенін көрсетеді. Демек, ұйымдастырушылардың мақсаты орындалды. Ауылдастарым ерекше әсер алды деп сеніммен айта аламын!, – деді.
 
Жалпы полиция қызметкерлері алдағы уақытта да осындай профилактикалық, спорттық және қоғамдық іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастыруды жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1214599?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді