
2026 жылғы 27 сәуір күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Шымкент қаласы білім басқармасының «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы №1 мектеп-интернат» КММ-не барды.
Бару барысында орталықтағы санитарлық және гигиеналық жағдайларға, медициналық қызмет көрсету сапасына, сондай-ақ балалардың күнделікті тамақтану тәртібіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, балалардың жатын орындары, тұрмыстық жағдайлары мен қауіпсіздік талаптарының сақталуы жан-жақты қаралды.
Орталық қызметкерлерімен әңгімелесу барысында балаларға көрсетілетін әлеуметтік және психологиялық қолдау мәселелері де қозғалды. Балалардың құқықтарын қорғау, олардың денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.
Сондай-ақ балалармен жүздесу ұйымдастырылып, «Мүмкіндігі шектеулі балаларға мемлекет тарапынан көрсетілетін мүмкіндіктер», «Адам құқықтары» және «Адал азамат және Еркіндік рухы» тақырыптарында мазмұнды баяндама оқылды.
Бару қорытындысы бойынша анықталған мәселелер назарға алынып, тиісті уәкілетті органдарға ұсыныстар жолданатын болады.
Осындай мекемелердегі қолайлы орта мен сапалы қызмет көрсету – балалардың толыққанды дамуы мен қауіпсіз өмір сүруінің маңызды кепілі болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1214377?lang=kk

Жауап қалдыру