
2026жылы 6 сәуір күні, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы «№2 қалалық аурухана» МКК-да болды.
Іс-шара «Денсаулық апталығы» аясында және ТМД елдері арасындағы акция шеңберінде ұйымдастырылды.
Қабылдауға Сараптамалық кеңес мүшесі, «№2 қалалық аурухана» емханасының меңгерушісі Г. Нурбекова, денсаулық сақтау мекемесінің өкілдері мен заңгерлер қатысып, тұрғындар үшін бірлескен жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында азаматтар мен азаматшалар өздерін толғандырған мәселелер бойынша өтініштерін білдіріп, медициналық қызметтің сапасы, дәрігерлік көмекке қолжетімділік, емделу процесіндегі құқықтардың сақталуы сияқты маңызды сұрақтарды көтерді.
Әрбір арыз-шағым мұқият тыңдалып, тиісті құқықтық түсіндірмелер берілді. Өтініштер бойынша жауапты мекемелерге ресми сұраныстар жолданады.
Мұндай кездесулер азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, мемлекеттік органдар мен халық арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1214267?lang=kk

Жауап қалдыру