Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Ұлттық алдын алу тетігінің басшысы Н. Тарарамен ресми кездесу өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылы 9 сәуір күні, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Ұлттық алдын алу тетігінің басшысы Н. Тарарамен ресми кездесу өткізді.

Кездесу барысында адам құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер, атап айтқанда, жабық мекемелердегі азаматтардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету, алдын алу тетіктерін жетілдіру және мониторинг жүргізу бағыттары талқыланды.

Тараптар өзара ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу және бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға жіберілген ұсынымдардың қаралуын бақылауды жақсарту үшін оларды ҰАТ ақпараттық жүйесінде қарау нәтижелері туралы кеңінен талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша алдағы уақытта бірлескен жұмыс жоспарын әзірлеу және адам құқықтарын қорғау саласындағы тиімділікті арттыру бағытында нақты шаралар қабылдау туралы келісімге қол жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1214322?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді