
05.2026 күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов «Заң және тәртіп» жобасы аясында А.С. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясына арнайы барып, оқушылармен маңызды кездесу өткізді.
Кездесу барысында «буллинг» тақырыбы кеңінен түсіндіріліп, оның алдын алу жолдары талқыланды. Сонымен қатар, халықты әртүрлі өмірлік жағдайларда азаматтардың құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі туралы құқықтық сауаттандыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық форматта пікір алмасты.
Осындай кездесулер жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1214402?lang=kk

Жауап қалдыру