Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов «Заң және тәртіп» жобасы аясында А.С. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясына арнайы барып, оқушылармен маңызды кездесу өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

08.04.2026 ж. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов «Заң және тәртіп» жобасы аясында А.С. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясына арнайы барып, оқушылармен маңызды кездесу өткізді.

Кездесу барысында Өкіл «Құқықтық білім беру және мектептегі буллинг пен кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында мазмұнды дәріс оқылып, оқушыларға өз құқықтарын білу, құрметтеу және қорғау жолдары түсіндірілді.

Жастар арасында «Еркіндік рухын» қалыптастыру, әділдік пен жауапкершілікке тәрбиелеу – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы бағытта «Адал азамат» қағидаттары кеңінен насихатталып, оқушыларға адамгершілік, адалдық және заңға бағыну құндылықтары дәріптелді.

Мұндай кездесулер жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, оларды саналы, жауапты әрі белсенді азамат болуға жетелейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1214296?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді