
2026 жылғы 21 сәуір күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Ж. Жұманмен ресми кездесу өткізді.
Кездесу барысында «Еркінжік рухы» жоспары аясында жастар саясаты, «Адал азамат» қағидаттарын қалыптастыру және жастардың құқықтарын қорғау мәселелері кеңінен талқыланды. Әсіресе, жас буынның құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың қоғамдағы белсенділігін күшейту және әділдік пен жауапкершілік құндылықтарын насихаттау бағыттары назарға алынды.
Бүгінгі жастар – елдің ертеңі. Сондықтан олардың құқықтарын сақтау, мүмкіндіктерін кеңейту және саналы, адал азамат ретінде қалыптасуына жағдай жасау – ортақ міндет. Осындай маңызды кездесулер осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде дамытуға жол ашады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1214359?lang=kk

Жауап қалдыру