
Үстіміздегі жылдың 28 сәуірі күні Қызылорда облысының Қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысы өткізілді. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.
1. Қызылорда облысының Қоғамдық кеңес мүшесінің (өз өтінішіне сәйкес өкілеттілігін тоқтатқан Қоғамдық кеңес мүшесі) босаған бос орнына кандидаттардан келіп түскен құжаттарды қарау және әңгімелесу өткізу.
2. Қызылорда облысының Қоғамдық кеңесінің мүшесінің босаған бос орнына (1 орын, мүше) кандидатты сайлау.
3. Қызылорда облысының Қоғамдық кеңесінің ұйымдастыру мәселелері. (облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы С.Тәуіпбаевтың өз өтінішіне сәйкес төраға өкілеттілігін тапсыруы және жаңа Төраға сайлау)
Қызылорда облысының Қоғамдық кеңес мүшесінің босаған орнына ашық дауыс беру арқылы Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы облыстық Қоғамдық кеңес мүшелігіне енді.
Қоғамдық кеңес төрағасы С.Тәуіпбаевтың өз өтінішіне сәйкес, орнына облыстық Қоғамдық кеңесі мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы болып Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы сайланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kzo/press/news/details/1214052?lang=kk

Жауап қалдыру