
«SAIANUR» логистикалық орталығының қызметкерлері қалалық ортаны абаттандыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында сенбілікке қатысты.
Аумақты тазалау және ретке келтіру жұмыстары «Байқоныр» ауданында орналасқан заманауи логистикалық орталықтың алаңында өтті. Нысан 2025 жылы пайдалануға беріліп, шамамен 200 жұмыс орнын қамтамасыз етті.
Мұндай іс-шаралар экологиялық жағдайды жақсартумен қатар, қызметкерлерді ортақ мақсат — қаланы таза әрі өмір сүруге қолайлы ету жолында біріктіріп, корпоративтік мәдениетті нығайтуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1214389?lang=kk

Жауап қалдыру