
САЙРАМДА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін Сайрам ауданында көпбалалы аналарды марапаттау рәсімі өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың №1223 Жарлығына сәйкес, аудандағы 39 ана мемлекеттік наградаларға ие болды. Оның ішінде 5 анаға — «Алтын алқа», 34 анаға — «Күміс алқа» табысталды.
Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Руслан Мұздыбеков марапаттарды табыстап, аналарды құттықтады. Ол көпбалалы аналардың ұрпақ тәрбиесіндегі еңбегі ерекше екенін атап өтті.
Көпбалалы аналар — қоғамның берекесі мен ел болашағын тәрбиелеп отырған ардақты жандар. Олардың еңбегі әрдайым құрметке лайық.
Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sairam-audany/press/news/details/1214899?lang=kk

Жауап қалдыру