Семейде интернационалист-жауынгерлерді еске алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 81 жылдығы аясында Семей қаласында ауған соғысына қатысқан жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, бір минут үнсіздік жарияланды.

Ауған соғысынан оралмаған жауынгерлерді еске алуға арналған салтанатты шараға интернационалист ардагерлермен қатар әскери қызметшілер, облыстық, қалалық әкімдіктің өкілдері, «Жас ұлан» ерлер лицейінің оқушылары қатысты.

Ескерткішке марқұм жауынгерлердің қаруластары, туған-туыстары, сондай-ақ қала тұрғындары гүл шоқтарын қойды.

Ержүрек жауынгерлердің есімі ел жадында мәңгі сақталады. Ер есімі – ел есінде!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1214383?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді