«Senim Qogamy

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Senim Qogamy» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен дәстүрлі «Ана қолы» фотобайқауының басталғанын хабарлайды ❤️

Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен 4 пен 18 жас аралығындағы балалар қатыса алады.

Қатысу үшін:
Instagram желісінде «Ана қолы» тақырыбында фотосуретті ашық аккаунттан жариялап, #рукимамы хэштегін қойып, @senim01.kz @madeniet_aqparat_ministrligi @cisc_official аккаунттарын белгілеу қажет

Сипаттамада қатысушының аты-жөні, жасы, өңірі және байланыс телефоны міндетті түрде көрсетілуі тиіс
Қосымша ретінде фотосуретті жоғары сапада ataanalarakademiasy@gmail.com электрондық поштасына жіберу қажет

Өткізу мерзімі: жұмыстарды қабылдау — 2026 жылғы 26 сәуір мен 10 мамыр аралығы (қоса алғанда), қазылар алқасының жұмысы — 11 мамыр, жеңімпаздарды жариялау — 12 мамыр.

Барлығы 20 жеңімпаз анықталады — әр жас санаты бойынша 5 жеңімпаздан (4–6, 7–10, 11–14, 15–18 жас). Барлық жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табысталады.
Сіздердің жұмыстарыңызды асыға күтеміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-koktenkol/press/news/details/1214760?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді