
Полиция тұрғындарды қоғамдық орындарда тәртіп сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.
Республикалық “Таза Қазақстан” акциясы мен “Заң мен тәртіп” қағидатын іске асыру аясында өңірде елді мекендердің санитарлық жай-күйіне бақылау күшейтілді. Полиция қызметкерлері көшелерді, саябақтар мен гүлзарларды ластау фактілерінің жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
Облыста құқық бұзушылықтарды тәулік бойы тіркейтін 7 мыңнан астам бейнебақылау камерасы жұмыс істейді.
Жыл басынан бері 500-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Полиция қаламыздың тазалығы — тек коммуналдық қызметтердің жұмысы емес, әрбір тұрғынның жеке жауапкершілігі екенін ескертеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1214308?lang=kk

Жауап қалдыру