Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері егіс науқанына кірісті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазіргі кезеңде аграршылар майлы, бұршақты және мал азықтық дақылдарды себуді бастады. Жалпы алғанда, биыл өңірде егіс алқабының көлемі 4,3 млн гектарды құрайды.

Негізгі басымдық әртараптандыруға берілген. Дәнді дақылдардың егіс көлемі 2,9 млн гектар болады, сонымен қатар жоғары табысты майлы дақылдарға шамамен 1 млн гектар жер бөлінген. Сондай-ақ жүгері егістігі ұлғайтылып, картоп пен көкөніс алқаптары өткен жылдар деңгейінде сақталды.

Маусымға дайындық жан-жақты жүргізілді:

Техника 100% дайын. Жұмыстарға 10 мыңнан астам трактор, 14 мың сепкіш және 1,5 мың заманауи егіс кешені тартылған.
Мемлекет аграршыларды белгіленген бағамен-литріне 281 теңгеден-шамамен 59 мың тонна жеңілдетілген дизель отынымен қамтамасыз етті.
Өңір толықтай тексеруден өткен сапалы тұқымдармен қамтамасыз етілген.
Өнімділікті арттыру үшін тыңайтқыштар белсенді түрде сатып алынуда-қазірдің өзінде 340 мың тоннадан астамы келісімшартқа отырғызылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-sayasat/press/news/details/1214238?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді