
Бүгін, 5 мамыр күні Ертіс ауылдық округіне қарасты Мұқыр ауылында игі іс атқарылды. Ұлы Жеңіс күні қарсаңында ауылдың орталық саябағында орналасқан Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішті абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Ауылдық әкімдік пен кітапхана қызметкерлері бірлесе отырып, ескерткіш маңайын қоқыстан тазартып, ағарту және сырлау жұмыстарын жүзеге асырды. Бұл шара — сұрапыл соғыста ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың рухына тағзым ету және өскелең ұрпаққа үлгі көрсету мақсатын көздейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey-ertis/press/news/details/1214852?lang=kk

Жауап қалдыру