
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің хабарлауынша, биылғы жылы қала көшелерінде кең ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жоспар бойынша 70 шақырымнан астам жолға жаңа асфальт жабындысы төселіп, жалпы 118 көше қамтылады.
Қала орталығындағы Абай, Абылай хан, Ескелді би, Шевченко, Желтоқсан, Ақын Сара, Біржан сал көшелері мен Н. Назарбаев даңғылы осы 8 бағытта орташа жөндеу жұмыстары қазірдің өзінде басталды. Аталған көшелердің жалпы ұзындығы 30,2 шақырымды құрайды.
Жөндеу барысында жол белгілері жаңартылып, қалқымалы люктер орнатылады. Жол таңбалары термопластик арқылы салынады бұл белгілердің көрінуін айтарлықтай жақсартады.
Биылғы жылы «Жастар-1» тұрғын үй алабындағы 53 көшенің, сондай-ақ «Құлагер» мен «Бірлік» шағын аудандарындағы 5 көшенің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Сондай-ақ, Көктал алабындағы 36 көше мен 3-ші бөлімшедегі 20 көшеде жұмыстары аяқталып халық игілігіне берілетін болады.
Сонымен қатар, Абылай хан — Тынышбаев көшелері қиылысына жаңа бағдаршам орнатылады. Қала бойынша 300 жаңа жол белгісі қойылып, 100-і ауыстырылады, сондай-ақ 694 қалқымалы люк орнатылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/1214804?lang=kk

Жауап қалдыру