Түркістан облысы Төлеби ауданының командасы АҚШ, Техас штаты, Хьюстон қаласында өткен робототехникадан әлем чемпионатында жүлделі марапатқа ие болды. Қазақстанның робототехника құрамасы FIRST әлем чемпионатында табысты өнер көрсетіп, 12 марапат жеңіп алып, оқушылардың жоғары дайындық деңгейін дәлелдеді. Жарыстар George R. Brown Convention Center алаңында өтіп, әлемнің түкпір-түкпірінен 50 000-нан астам қатысушыны біріктірді. Қазақстан атынан рекордтық 225 оқушыдан құралған делегация қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық командалар барлық санаттарда жоғары нәтижелер көрсетті.
Бұл байқауда Түркістан облысынан барған командамыз «Unearthed» тақырыбы аясында археология бағытында тың идеялар мен инновациялық жобаларын ұсынып, жарыста 4 кезең бойынша сынға түсті:
Командалық негізгі құндылықтарын «Core Values» көрсетті.
Түркістан облысынан барған Tolebi Daryn командасы FIRST LEGO League Challenge (10-16 жас) категориясы бойынша әлемнің топ 5 қатарына еніп, Champions Award финалисті атанып жүлделі II орынды жеңіп алды.
Жауап қалдыру