«Ұранды ердің – ұрпағы қайсар»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Алмалы ауылдық кітапханашыларының ұйымдастыруымен “Ұранды ердің – ұрпағы қайсар” атты тақырыпта патриоттық сағат өткізілді.
Шара барысында оқырмандарға Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылу тарихы мен маңызы туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ елін қорғаған батырларымыздың ерлік істері жайлы айтылып, олардың өнегелі өмір жолдары таныстырылды.
Тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы оқырмандарға әскери-патриоттық тақырыптағы әдебиеттерге шолу жасады. Шара барысында оқушылар патриоттық өлеңдер оқып, өз өнерлерін көрсетті.
Сонымен қатар, қатысушылар арасында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, олардың белсенділігі мен қызығушылығы байқалды.
Шара соңында жас ұрпақты елін сүюге, Отан алдындағы борышын адал атқаруға шақыру мақсатында тәрбиелік мәні зор қорытынды жасалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-baishegir/press/news/details/1214532?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді