
Абай облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүргізушілер арасында құқықтық тәртіп пен жауапкершілікті арттыру бағытындағы профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Аталған мақсатта патрульдік полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарып, өңірдегі негізгі автожолдар мен көлік қозғалысы тығыз учаскелерінде бақылауды күшейтті.
Жүргізілген іс-шаралар барысында жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінді. Бір түннің өзінде 200-ге жуық көлік құралы тексеріліп, оның ішінде шетелдік тіркеудегі автокөліктер де назардан тыс қалмады. Тексеру кезінде құқықбұзушылықтарды анықтаумен қатар, олардың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілді.
Сондай-ақ, ЖКО алдын алу мақсатында сүзгілік бақылау бекеттері орналастырылды.
Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушілермен тікелей байланыс орнатып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жылдамдық режимін бұзбау, қауіпсіздік белдігін тағу, сондай-ақ жолдағы өзара сыйластық пен мәдениетті сақтау мәселелерін түсіндірді. Әсіресе, әрбір жүргізушінің тек өз өмірі үшін ғана емес, өзге де жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігі үшін жауапты екені ерекше атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1214021?lang=kk

Жауап қалдыру