
4 мамыр күні Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы «Әлия» патриоттық тәрбие беру орталығында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған облыстық «Жас сарбаз – 2026» әскери-спорттық сайысы өтті.
⚜️ Ақтөбе облысының жастар мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында өткізілген іс-шараға облыс бойынша 18–30 жас аралығындағы жастардан құралған командалар қатысып, жалпы саны 40 жас сарбаз өз бақтарын сынады.
Қатысушылар алдымен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Сайыстың салтанатты ашылу рәсімінде Ақтөбе облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Жайлыбай Санжар Абайұлы және Ауған соғысының ардагері, облыстық мәслихат депутаты Қойлыбаев Марат Айтуғанұлы сөз сөйлеп, айтулы мерекемен құттықтап, командаларға сәттілік тіледі.
⚜️ Сайыс 5 негізгі кезең бойынша өтті:
— I кезең – Саптық дайындық
— II кезең – Кедергілер жолағы
— III кезең – Физикалық жаттығулар
— IV кезең – Шебер сарбаз
— V кезең – Патриоттық квиз
Әр кезеңде қатысушылар тек физикалық мүмкіндіктерін ғана емес, логикасын, білімін және командалық дайындығын көрсетті.
🎗️Сайыс қорытындысы бойынша үздіктерді Қобда ауданының әкімінің орынбасары Құлбергенов Мұрат Сапарғалиұлы, Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Кемешов Мәди Жайлыбайұлы, Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің әскери жетекшісі, сайыстың Бас төрешісі Канафин Нурлыбек Галымжанович және жоба үйлестірушісі Таганов Еркебулат Серикович диплом, алғыс хат және естелік сыйлықтармен марапаттады.
Сайыс нәтижесі төмендегідей:
🥇 1 орын – Ойыл ауданы
🥈 2 орын – Хромтау ауданы
🥉 3 орын – Алға ауданы
🏅 “Үздік команда” – Қобда ауданы
🏅 “Үздік командир” – Бірлік Жандәулет (Хромтау ауданы)
🏅 “Үздік сарбаз” – Буркитов Султанбек (Мұғалжар ауданы)
🏅 “Үздік нәтиже” – Мустафина Диана (Байғанин ауданы) және Бақсиықов Нұржан (Ойыл ауданы)

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1214539?lang=kk

Жауап қалдыру