
Қандыағаш станциясындағы көліктегі полиция бөлімі бастығы болып полиция подполковнигі Айбек Адайханұлы Бекжанов тағайындалды.
Аудан әкімі Дархан Ермағанбетовтың төрағалығымен өткен актив отырысында жаңадан тағайындалған басшыны ҚР ІІМ Көліктегі полиция департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Оңдасын Аштаев таныстырды.
Айбек Бекжанов 1978 жылы Шұбарқұдық кентінде дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 2000 жылдан бастап қызмет атқарады. Осы аралықта Көліктегі батыс департаметінде, Ақтөбе, Қандыағаш желілік полиция бөлімдерінде қызмет атқарған.
2013-2018 жылдары Қандыағаш станциясындағы көліктегі полиция бөлімі бастығының орынбасары болып еңбек етті. Осы қызметке тағайындалғанға дейін 2021 жылдан бастап Ақтөбе ст.ЖПБ бастығы лауазымын атқарып келді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar/press/news/details/1214048?lang=kk

Жауап қалдыру