ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ИДЕОЛОГИЯСЫ АЯСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Талдықорған қаласында Жетісу облысының прокуроры Бауыржан Жұмақановтың жастармен кездесуі өтті. Диалогтың негізгі тақырыбы — өскелең ұрпақты есірткі бизнесінің ықпалынан қорғау және «Заң мен тәртіп» мемлекеттік идеологиясын ілгерілету болды.

Өзекті мәселелерді талқылауға атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ әлемдік спорт саңлақтары: Қанат Ислам, Азамат Мұқанов, Елдос Әбікенов және Мерей Сүйінов қатысты.

Облыс прокуроры жас буын алдында сөйлеген сөзінде жастар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігі стратегиялық басымдық екенін атап өтті. Бауыржан Жұмақановтың айтуынша, Мемлекет басшысы белгілеп берген «Заң мен тәртіп» қағидаты әрбір азаматтың өмірлік бағдарына айналуы тиіс.

Жиын барысында жазаның бұлтартпастығына ерекше назар аударылды. Прокуратура мен полиция өкілдері есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталатынын, ал тыйым салынған заттарды өткізгені үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын түсіндірді. Психикалық денсаулық орталығының мамандары «синтетиканы» тұтынудың қайтымсыз зардаптары туралы медициналық фактілерді ұсынып, заманауи психоактивті заттардың «қауіпсіздігі» туралы мифтерді жоққа шығарды.

Саналы өмір салтын ұстану туралы үндеуді танымал чемпиондар да қолдады. Спортшылар жастарды уақытты өз-өзін дамытуға жұмсауға шақырып, шынайы табыс пен зиянды әдеттердің бір-біріне жат екенін атап өтті.

Жетісу облысының прокуратурасы жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыра береді. Құқықтық ағарту және кез келген заң бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру қауіпсіз қоғам құрудың негізгі құралы болып қала бермек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhetysu/press/news/details/1214677?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді