Жітіқара ауданы дамуының ағымды көрсеткіштері мен басымдықтары.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жітіқара ауданы дамуының ағымды көрсеткіштері мен басымдықтары.
Қостанай облысы әкімінің тапсырмасы шеңберінде Жітіқара ауданында аумақтың орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, кәсіпкерлікті қолдауға және инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізілуде. Осыған байланысты 2026 жылдың алғашқы үш айында қорытындылар шығарылып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалды.
🔹 Кәсіпкерлікті қолдау шеңберінде жыл басынан бері сауда және қоғамдық тамақтану саласында жалпы инвестиция көлемі 303 млн теңге болатын жаңа объектілер пайдалануға берілді, 23 жұмыс орны құрылды. Олардың қатарында “Kun Kai” жартылай фабрикаттар өндіру цехы мен “Qazyna”мейрамхана кешені бар.
🔹 Басым бағыттардың бірі инженерлік және көлік инфрақұрылымын жоспарлы жаңарту болып қала береді. Сәуір айының ортасынан бастап мердігерлік ұйымдар Степное және Тоқтарово ауылдарында сумен жабдықтау желілерін салуға және қайта жаңартуға кірісті. Көше-жол желісінің жағдайын жақсарту үшін “Дзержинское ауылына кіреберіс” және “Жітіқара — Берсуат” автожолдарына орташа жөндеу жұмыстары жалғасады. Қаланы абаттандыру аясында балалар ойын алаңдарын орнату, орталық көл маңындағы аумақты дамыту, сондай-ақ көшелерді жарықтандыру жүйесін жаңғырту көзделген. Ұялы байланыс пен мобильді интернеттің сапасын арттыру үшін Хозрет, Кусакан және Шевченковка ауылдарының жанында антенна-діңгек құрылыстарын орнату қосымша жоспарланған.
🔹 Макроэкономикада 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша құрылыс саласында (нақты көлем индексі — 166,5%), сондай-ақ бөлшек (101,2%) және көтерме саудада (101%) өсім байқалды. Бұл ретте ауыл шаруашылығында (НКИ — 80,8%) және өнеркәсіпте (НКИ — 97,6%) көрсеткіштердің төмендеуі тіркелді. Бюджеттің меншікті кірісі 1,442 млрд теңгені құрады, бұл жылдық жоспардың орындалуын 28% – ға қамтамасыз етті. 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда түсімдер 13,7% – ға (+174,2 млн теңге) ұлғайды.
🔹 Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 29,8 млрд теңгені құрады. Ауыл шаруашылығында жалпы өнім 685,6 млн теңгеге жетті. Сонымен қатар, мал шаруашылығында төмендеу байқалды: ет сату 22,8% — ға, сүт-0,2% – ға қысқарды. 2026 жылға 224,9 мың га көлемінде егіс алқабы жоспарланған, оның негізгі бөлігін дәнді дақылдар құрайды-175,6 мың га.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-prigorodnaia/press/news/details/1214786?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді