🇰🇿 «Жас сақшы» – рухты ұрпақтың жаңа белесі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай Тараз қаласындағы №3 мектеп-лицейде әскери-патриоттық бағыттағы «Жас сақшы» сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухты, тәртіп пен жауапкершілікті, елге адал қызмет ету құндылықтарын сіңіруге бағытталған маңызды бастама.

Салтанатты шараға №3 мектеп-лицей директоры Райкулов Маулен Райкулұлы және Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет полковнигі Қосжанов Жанібек Жамалбекұлы қатысты.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті «Жас сақшы» сыныбының ашылуына қолдау көрсетіп, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, құқықтық сана қалыптастыру және болашақта елге адал қызмет ететін азамат тәрбиелеу бағытындағы игі бастамаға серіктестік танытты.

Шара барысында жас сақшылар салтанатты түрде ант қабылдап, саптық дайындықтарын көрсетті. Патриоттық әндер шырқалып, Бауыржан Момышұлының ерлігі мен өсиетке толы нақыл сөздері кеңінен насихатталды. Әсіресе, «Тәртіпке бас иген құл болмайды» деген ұлағатты сөз кештің рухани өзегіне айналды.

«Жас сақшы» сыныбы тек тәртіп пен патриоттық тәрбиемен ғана емес, білім, өнер, ғылым және спорт салаларындағы жоғары жетістіктерімен де ерекшеленіп келеді. Сынып оқушылары облыстық, республикалық байқаулар мен олимпиадаларда топ жарып, ғылыми жобаларда, шығармашылық және эссе байқауларында жүлделі орындарға ие болып жүр. Бұл – жас сақшылардың жан-жақты дамыған, білімді әрі рухы мықты ұрпақ екенін айқын дәлелдейді.

«Жас сақшы» сыныбы – ел болашағына бейжай қарамайтын, намысты, рухты, тәртіпті жас буынды тәрбиелеуге арналған жаңа белес. Бүгін ант қабылдаған жас өрендер – ертеңгі ел қорғаны, Тәуелсіз Қазақстанның сенімді тірегі.

✨ Рухы биік ұрпақ – ел болашағы!
✨ Отанға адал қызмет ету – әр азаматтың қасиетті борышы!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum-moyynkum/press/news/details/1215467?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді