Кеше 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «AMANAT» партиясының алаңында ер-азаматтарды ұлықтауға арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шарада партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінің ұйымдастыруымен өткізілетін жеке және мобильді көшпелі қабылдауларда тұрғындардың өтініштерін оңтайлы шешуге атсалысып жүрген департамент, басқарма және үкіметтік емес ұйымдар мен сала мамандары марапатталды.
Осыған орай, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлы, Департамент басшысының орынбасары Төлендиев Мұрат Сағынұлы, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторлары Сихымбай Дінмұхамед Иглікұлы және Қаңлыбай Ернұр Сейітқалиұлы «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Алтынсарин Үмбеталиевтің “Алғыс хатымен” марапатталды.
Департамент ұжымы, марапат иелерін еңбек қатынастары саласында атқарған адал еңбектері, кәсібилік пен жауапкершілікке толы қызметтері үшін алғыс білдіре отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, толайым табыс пен жаңа жетістіктер тілейді. Ел үшін атқарып жатқан игі істеріңіз әрдайым еселене берсін!
Жауап қалдыру