
2026 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қ.Н.Сапарғалиев және Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ә.Т.Кәрібаеваның қатысуымен Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілерімен түсіндіру және әдістемелік сипаттағы жиын өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға Cыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер, оның ішінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы бұйрығына сәйкес, «Б» корпусының әкімшілік лауазымдарына орналасу рәсімінің өзгерістері жөнінде толықтай түсіндірілді

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomabay/press/news/details/1215206?lang=kk

Жауап қалдыру