
Алматыдағы Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінде кәсіби қазақ театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, көрнекті актер Серәлі Қожамқұловтың 130 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті.
Жиынға зиялы қауым өкілдері, архив және театр саласының мамандары, өнер иесінің туыстары, сондай-ақ оның ізбасарлары мен әріптестері қатысты.
Іс-шара барысында актердің архивтік фотосуреттері қойылған көрме көпшілікке таныстырылды.
Сондай-ақ, жиында 1972 жылы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Сераға» деректі фильмі көрсетілді. Фильмде актердің өз дауысымен айтқан естеліктері, ой-толғамдары, 1929 жылы Қызылордада алғашқы қазақ театрының ашылуы және «Еңлік-Кебек» спектакліндегі тұңғыш рөл сомдаған сәті қамтылған.
Айта кетейік, Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінің қорында Серәлі Қожамқұловтың өмірі мен шығармашылығына қатысты 100-ге жуық кино, фото және аудио құжат сақталған.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1215305?lang=kk

Жауап қалдыру