
Астанада тыл ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында арнайы шара ұйымдастырылды. Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері ардагерлердің үйлеріне барып, оларды мерекемен құттықтап, шәй себеттерін табыстады. Кездесу барысында ардагерлердің Ұлы Жеңіске қосқан ерен еңбегі атап өтіліп, алғыс білдірілді. Іс-шара соңында ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және амандық тілектер айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-ump/press/news/details/1215044?lang=kk

Жауап қалдыру