Атырауда ІІО ардагерлеріне арналған ашық есік күні ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Атырау облысы полиция департаментінің емханасы бар госпиталінде Ішкі істер органдарының ардагерлеріне арналған ашық есік күні өтті.

     5-6 мамыр күндері ұйымдастырылған шара аясында ардагерлерге кешенді медициналық көмек көрсетілді. Сонымен қатар госпиталь қызметкерлері Ішкі істер органдарында қызмет атқарған тыл ардагерлерінің үйлеріне арнайы барып, профилактикалық тексерулер жүргізіп, дәрігерлік кеңестер берді.

     Іс-шараның негізгі мақсаты — ардагерлердің денсаулық жағдайын жүйелі түрде бақылау, оларға қолжетімді әрі сапалы медициналық қызмет ұсыну, сондай-ақ алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстарын күшейту. Шара барысында ардагерлер жан-жақты медициналық тексеруден өтіп, білікті дәрігер-мамандардың қабылдауында болды. Қажетті диагностикалық зерттеулер жүргізіліп, емдеу және сауықтыруға қатысты нақты ұсынымдар берілді.

     Бұдан бөлек, медицина қызметкерлері әрбір ардагермен жеке жұмыс жүргізіп, созылмалы аурулардың алдын алу, дұрыс тамақтану, дене белсенділігін сақтау және салауатты өмір салтын ұстану мәселелері бойынша кеңінен кеңес ұсынды.

     Аталған шара Ішкі істер органдары ардагерлеріне көрсетілетін әлеуметтік қолдауды жетілдіруге, олардың өмір сапасын арттыруға және денсаулығын нығайтуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1215071?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді