Аудан әкімі түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын зауыт жұмысымен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев ауданда жүзеге асырылып жатқан бірқатар инвестициялық жобалардың жұмысымен танысты.

Алдымен қалада қолға алынып жатқан ауқымды жобалардың бірі – түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіретін зауытқа барды. Жоба бастамашысы – «Qazaq Camel» ЖШС. Жетекшісі Нұғырбек Абулғазин аймағымызда алғашқы рет қолға алынып отырған жоба жайын таныстырып, зауыттың негізгі жұмыс жасау процестері жайында айтып өтті.

Кәсіпорын жылына 392 тонна өнім шығаруды жоспарлап отыр. Зауыт құрылысына 3 млрд теңге инвестиция салынған. Оның 1,8 млрд теңгесі мемлекеттік қолдау (жеңілдетілген несие), ал 1,2 млрд теңгесі жеке қаражат.

Негізгі өндірістік ғимараттың құрылысы мен құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары толық аяқталған. Кейбір құрылғыларды монтаждау жұмыстары аяқталуға жақын. Жоба жетекшісінің айтуынша, зауыт осы айдың соңына қарай алғашқы өнімді шығара бастайды.

Қазіргі таңда жергілікті шаруалардан түйе сүтін қабылдау мәселесі де жан-жақты пысықталып жатыр. Әзірше сүт қабылдайтын 10 арнайы ыдыс және бірнеше сүт таситын автокөлік алынған. Күніне 20 мың литр шикізатты өңдеуге қауқарлы зауыт сұраныс артқан жағдайда озық технологияның мүмкіндіктері арқылы өнім көлемін еселеу тетіктерін қарастыруда.

Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы біршама жылдар бұрын қолға алынған ауқымды жобаның шын мәнінде жүзеге асатын күні де таяп қалғанын айтып, сондықтан зауытты іске қосу жұмыстарында кемшіліктерге жол бермеу керектігін атап өтті. Елге пайдасы тиетін өндіріс ошағының алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral/press/news/details/1215693?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді