АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудандық мәслихаттың құрылыс, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, аграрлық, денсаулық сақтау, экология және әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті. Тұрақты комиссия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары, бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Тұрақты комиссияның күн тәртібінде “Өрт қауіпсіздігіне қарсы қабылданған шаралар туралы” және “Жаз мезгіліндегі суға шомылу маусымына дайындық туралы” мәселелері қаралды.

Аудандық мәслихат депутаттары баяндамашыларға сұрақтарын қойып, мәселені шешуге қатысты бірнеше ұсыныстарын айтты.

Өртке қарсы қызметтің, балалардың жазғы каникул кезіндегі суға шомылу маусымындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аудандық полиция бөлімі, білім беру мекемелерімен барынша тиімді ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар мен кеңестер айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-temir/press/news/details/1215007?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді