Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін, 6 мамырда, Қонаев қаласы мәслихатының депутаты Б.Алтаев азаматтарды қабылдады.
 
Қабылдау барысында қала тұрғыны келіп, науқас баласына материалдық көмек көрсету мәселесі бойынша өтініш білдірді. Депутат көтерілген мәселені мұқият тыңдап, тиісті қолдау көрсету және құзырлы органдармен бірлесіп қарастыру бағытында жұмыс жүргізілетінін жеткізді.
 
Сонымен қатар, «Ана сәулесі» көп балалы аналар қоғамдық бірлестігінің өкілдері депутаттың қабылдауына келіп, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында құттықтап, атқарылып жатқан жұмыстары үшін алғыстарын білдірді.
 
Аталған мәселелер бақылауға алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-qonaev/press/news/details/1215425?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді