
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенұлы Нүкеновтің төрағалығымен Алматы қаласы Білім басқармасының кеңейтілген отырысы өткізіліп, қаладағы білім беру жүйесінің өзекті мәселелері қаралды.
Отырысқа полиция, білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету бойынша аумақтық бөлімшелердің, жергілікті атқарушы органдардың, білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен басшы Қасымхан Алпысбайұлы қатысып, білім беру ұйымдарының санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы туралы баяндама жасады.
Сондай-ақ қаладағы білім беру ұйымдарындағы ағымдағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, өткен кезеңдегі жүргізілген мониторинг нәтижелері, санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын күшейту бойынша алдағы негізгі бағыттар ұсынылды.
Ерекше назар ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелеріне, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуын уақтылы анықтау және алдын алу, сондай-ақ білім беру ұйымдарының басшылары арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуге аударылды.
Кеңейтілген отырыстың қорытындысы бойынша қала әкімінің орынбасары Абзал Нүкенұлы баяндама жасаған мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде білім беру ұйымдарына бірқатар нақты хаттамалық тапсырмалар берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1215703?lang=kk




Жауап қалдыру