Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент), МӘС бөлімімен алғашқы куәландыруға жолданған балаларды куәландыру барысында: құжаттарды қарау кезінде, жолданған құжаттардың бір-біріне ұқсастығы, яғни қаралған мамандары, қаралған күндері, ауруханаға емделген күндері, талдау қорытындылары бірдей болуы анықталды. Құжаттардың екі жағдайда бірдей болуы анықталғанға дейін, бірінші балаға «мүгедектігі бар бала» санатымен мүгедектік тағайындалған туралы шешім шығарылған, құжаттар күмән тудыруына байланысты, екінші куәландырылған балаға «негізсіз жолданған» туралы шешім шығарылды. Құжаттардың жалған-жасанды болуына күдік, күмән тудыруына байланысты, құжаттардың растығын анықтау мақсатында ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіне, Қызылорда облысы прокуратурасына хат жолданды. Құзырлы мемлекеттік мекемеден хатқа алдын ала алынған жауап негізінде, алғаш куәландырылып, мүгедектігі бар бала санатында мүгедектік тағайындалған баланы Департаменттің медициналық әлеуметтік сараптаманың әдіснама және сараптама бөлімімен мүгедектік дәрежесін белгілеуге байланысты төлемдер мен жәрдемақылар уақытша тоқтатылды, бақылау тәртібімен қайта куәландыруға шақырылды. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің, Қызылорда облысында куәландырылған «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығының 71 тармағына сәйкес, МӘС бөлімінің сараптамалық қорытындысының негізділігіне бақылау жүзеге асыру барысында, аталған медициналық мекемемен ұсынылған медициналық құжаттардың дәйексіздігін тексеру мақсатында 73 мүгедектігі бар адамға Департаменттің МӘС әдіснама және бақылау бөлімінде бақылау бойынша қайта куәландыру өткізу және МӘС-ке ұсынылған құжаттардың дәйексіздігін (жалғандығын) тексеру тапсырмасы бойынша жұмыс жүргізілуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1215383?lang=kk

Жауап қалдыру