
2026 жылғы 6 мамыр күні Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі, Департамент басшысының орынбасары Л.Е. Сартымбетова, мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған қызметкерлер үшін оқыту іс-шарасын өткізді.
Оқыту барысында мемлекеттік қызметте болуына байланысты заңнамада белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдар түсіндірілді, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын сақтау талаптары қарастырылды. Бұдан бөлек, мүлікті сенімгерлік басқаруға беру және мемлекеттік қызметшілерге жүктелген өзге де міндеттер бойынша мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар қызметтік қызметте адалдық, ашықтық қағидаттарын сақтау және мүдделер қақтығысының алдын алу бойынша практикалық аспектілерге ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-astana/press/news/details/1215546?lang=kk

Жауап қалдыру