Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік басқару академиясына құжаттар қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатқаны хабарланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының, білім басқармасының және мемлекеттік сатып алу басқармасының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өтті.

Жиын барысында Академия филиалының директоры Мәлік Асанов қатысушыларға Академияның қызметі мен білім беру бағдарламалары туралы кеңінен мағлұмат берді. Атап айтқанда, 2026-2027 оқу жылына магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша құжаттарды қабылдау жұмыстарының жүргізіліп жатқанын хабарлады. Бұл кезеңде мемлекеттік қызметшілер мен өзге де үміткерлер академияға оқуға түсуге мүмкіндік алады.

Кеңес барысында қатысушылар мемлекеттік қызметтегі кәсіби даму мүмкіндіктері мен Академия ұсынатын білім беру бағыттарының ерекшеліктерімен танысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы – мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ерекше мәртебеге ие жоғары оқу орны. Академияның негізгі мақсаты – кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыруға үлес қосу, басқарушылық мәдениетті нығайту және заманауи, бәсекеге қабілетті білім мен ғылыми зерттеулерді дамыту үшін қолайлы институционалдық орта құру.

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар Академияның білім беру мүмкіндіктеріне қызығушылық танытып, кәсіби дамуға қатысты көкейкесті сұрақтарына жауап алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-cultura-arhiv/press/news/details/1215697?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді