
2026 жылғы 6 мамырда Департамент басшысының орынбасарының міндетін атқарушы М. О. Сәрсенова, зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы А. Ж. Тапалова, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Г. Ж. Қайрлиева және медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің бас маманы Б. Н. Дандубаева «Мүгедектігі бар адамдарға арналған Қостанай облыстық оңалту орталығы» КММ қызмет алушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында мүгедектікті белгілеуге, зейнетақы төлемдерін тағайындау тәртібіне, сондай-ақ мүгедек адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламалары нәзірлеуге және іске асыруға байланысты өзекті мәселелер талқыланды. Кездесуге қатысушылар мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі және әлеуметтік қолдаушаралары бойынша түсініктемелер алды.
Барлық келіп түскен сұрақтарға қолданыстағы заңнама шеңберінде толық түсініктемелер берілді. Кездесу сындарлы және іскерлік атмосферада өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kostanay/press/news/details/1215328?lang=kk

Жауап қалдыру