Облыстық семинар «Ауыл мектебі 2.0: Microsoft Teams арқылы оқыту және білім беру үдерісінде жасанды интеллектті қолдану»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыстық семинар «Ауыл мектебі 2.0: Microsoft Teams арқылы оқыту және білім беру үдерісінде жасанды интеллектті қолдану»
2026 жылғы 5 мамырда «Саумалкөл мектеп-гимназиясы №2» КММ базасында білім беруді цифрлық трансформациялаудың өзекті мәселелеріне арналған облыстық семинар өтті.
Семинар жұмысына мектеп директорлары, директордың орынбасарлары және пән мұғалімдері қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім сапасын арттыруға бағытталған заманауи білім беру технологиялары мен цифрлық құралдарды енгізу арқылы тірек мектептің тиімді басқарушылық және педагогикалық тәжірибесін жинақтау және тарату болды.
Бағдарлама аясында қатысушыларға оқу үдерісін ұйымдастыруда Microsoft Teams платформасын қолдану тәжірибелері таныстырылып, оқытудың тиімділігін және оқушылардың белсенділігін арттыруда жасанды интеллект құралдарын пайдалану мүмкіндіктері көрсетілді.
Сондай-ақ ауыл мектебінің білім беру ортасына цифрлық шешімдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылып, тәжірибе алмасу және білім беруді цифрландыру жағдайында дамытудың болашағы талқыланды.
Семинар кәсіби диалог жүргізуге, тәжірибе алмасуға және заманауи талаптарға сай жаңа оқыту тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін маңызды алаң болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aiyrtau-edu/press/news/details/1215251?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді