«Өткен күннің естелігі» атты тағылымды шара аясында Үшқұдық орта мектебінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай жоғары сынып оқушыларымен мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Аталған шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті сіңіру, елін қорғауға деген жауапкершілікті арттыру және әскери қызметтің маңыздылығын түсіндіру болды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кездесуге әскери борышын абыроймен өтеген ауыл азаматтары – Қазбай Мади Жандарбекұлы мен Танатаров Жасұлан Мейрамгалиевич арнайы шақырылды. Қонақтар оқушылармен ашық әңгіме жүргізіп, өздерінің әскердегі өмір жолымен, бастан кешкен әсерлі сәттерімен бөлісті.

Әсіресе, әскери өмірдің тәртібі, шыдамдылық пен төзімділікті талап ететін тұстары, достық пен бірліктің маңызы туралы айтылған әңгімелер оқушылардың қызығушылығын арттырды. Қонақтар әскердегі қиындықтармен қатар, оның адамды шыңдайтын, жауапкершілікке тәрбиелейтін ерекше мектеп екенін атап өтті. Олар өз сөздерінде Отанды қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы екенін ерекше жеткізді.

Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың рухани дамуына, елге деген сүйіспеншілігін арттыруға зор ықпал ететіні сөзсіз.

Шара соңында мектеп ұжымы қонақтарға алғыс білдіріп, болашақта да осындай тәрбиелік мәні зор кездесулер жалғасын табатынына сенім білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-yshkudyk/press/news/details/1215683?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді