
Жамбыл облысы ТЖД Азаматтық қорғау басқармасының бастығы, майор Жалғас Абдуалиев 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында Тараз мамандандырылған колледжінде өткен іс-шараға қонақ ретінде қатысып, шара барысында студенттерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, одан әрі жастарға өрт немесе апат кезінде, сондай-ақ жер сілкінісі кезінде атқарылуы тиіс әрекеттерді түсіндірді. Сондай-ақ ол өз сөзінде 18 жасқа толған жастарды ҚР Қарулы күштер қатарында Отан алдындағы борышын өтеуге шақырып, үгіт-насихат жүргізді. Іс-шара одан әрі париоттық әндер мен өлеңге ұласты. Колледж директоры Жанар Джапаровна іс-шараға арнайы уақыт бөліп келген қонақтарға алғыс білдіріп, естелік сыйлықтар табыстады.
Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1215347?lang=kk

Жауап қалдыру