ОТЫРАР: ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН ЗАҢДАСТЫРУ БОЙЫНША ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Отырар ауданында Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен Департаментпен бірлескен Түркістан облысы аумағында зейнетақы жарналары аударылмаған, жазатайым оқиғадан сақтандыру шартын жасамаған, еңбек шарттарын тіркемеген мекемелер бойынша және «D», «Е» санатындағы отбасыларды «С» деңгейіне көтеру бойынша кезекті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
🔹 Кездесуге Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлы, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары З.Кенжебаева, ауданға қарасты ауылдық окруктерінің әкімдері, мансап орталықтарының басшылары, тиісті мекеме басшылары мен өңірдегі кәсіпорын иелері және жұмыс берушілері қатысты.
🔹 Жиынды Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов ашып, жүргізіп отырды.
🔹 Кездесу барысында Департамент басшысы Амангелды Салхудинұлы жұмыс берушілердің жазатайым оқиғадан сақтандыру шарттарын рәсімдеу, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды түрде рәсімдеу тәртібін, міндетті төлемдерді уақытылы аудару, оның ішінде зейнетақы жарналарын аудару қажеттілігі туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.
🔹 Сонымен қатар, жауапты мамандар тарапынан қолданыстағы заңнама талаптары кеңінен түсіндіріліп, жұмыс берушілердің міндеттері мен жауапкершілігі нақты айтылды. Сондай-ақ, қызметкерлердің әлеуметтік құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз етілуі басты назарға алынды.
🔹 Кездесу соңында Департамент басшысы қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға кеңінен жауаптар беріп, бекітілген жоспар бойынша жұмыс берушілерге, мекеме өкілдеріне түсіндіру жұмыстары жалғасатыны және заң талаптарына сәйкес бақылау шаралары күшейтілетінін нақтылап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-qogam/press/news/details/1215097?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді