
Сапар барысында Приречное ауылдық округіне қарасты егін шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтарға барып, көктемгі егіс жұмыстарының жүргізілу барысы және суландыру (ирригация) бағытындағы жұмыстардың нақты жағдайы зерделенді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес, егістікті Ертіс өзенінен суаратын шаруашылықтар Ертіс бассейндік инспекциясынан міндетті түрде рұқсат алуы қажет екендігі түсіндірілді.
Қазіргі таңда егіс жұмыстары жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1215566?lang=kk

Жауап қалдыру