
Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің құрметіне Қарағанды облысы әкімінің қатысуымен салтанатты мерекелік қабылдау өтті. Іс-шара барысында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, олардың ел үшін сіңірген еңбегі ерекше аталып өтті. Аталған қабылдауға ауданымыздан тыл еңбеккері Николай Яковлевич Колесников қатысып, көрсетілген құрметке ризашылығын білдірді. Мұндай тағылымды шаралар жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, тарихқа деген құрметті арттыруға зор ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ovp-osakarovka/press/news/details/1215371?lang=kk

Жауап қалдыру