Қарағанды қаласының орталық саябағында ауқымды мотошара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Моторлардың гүрілі, еркіндіктің лебі, адреналин – Қарағанды бір күнге нағыз мотомерекенің орталығына айналды 🔥

Орталық саябақта Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы мен «ULYS moto», «Чингизхан» мотомектептерінің ұйымдастыруымен өткен ауқымды мотошарада жылдамдықты сүйетін, бірақ қауіпсіздікті бәрінен жоғары қоятын жастар бас қосты. Мұнда тек шоу емес – мағыналы кездесу өтті. Қатысушылар драйвпен қатар, жолдағы тәртіп, жауапкершілік және саналы өмір салты туралы ашық сөйлесті.

Кездесу форматы әдеттегі іс-шара шеңберінен әлдеқайда өзгеше болды: бұл жүргізу мәдениеті, төтенше жағдайларда алғашқы әрекеттер және адам өмірінің құндылығы туралы ашық диалог болды.

Спикерлер жолдағы қауіпсіздік, апат кезіндегі алғашқы әрекеттер, тіпті зиянды әдеттерден бас тарту жайлы нақты әрі пайдалы кеңестермен бөлісті. Ресми лекция емес, шынайы тәжірибе мен өмірлік мысалдар

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-zhastar/press/news/details/1215648?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді